Бозанбай ауылында "Шығыс салбұрыны-2022" бүркітшілер сайысы өтеді

13959
көрілім
Шартты фотосурет

Аталған шара Ұлан өңірінде биыл екінші рет өткізілмек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Былтыр алғаш қар түскенде ұлттық спорт жанашырлары осы өлкеде бас қосып, көпшілік үшін қазақы құндылықты әспеттеген еді. Ұйымдастырушылар осы жолы да қызыққа толы болатындығына сенімді.
Еліміздің әр түкпірінен келген қатысушылар қыран құс ұшырып, ит жүгіртіп, асау үйретуден үздіктерді анықтайды. Бұл жолы Ұлан топырағына жергілікті құсбегілерден бөлек, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей сынды көршілес елдерден де келмек. Алдын ала ұсынылған мәліметке сәйкес сайыста бақ сынайтындар легі осылар. Ұйымдастырушылар басқа да мемлекеттерден келеді деп топшылап отыр.
Шара қараша айының 8-і күні, таңертең сағат 9:00-де "Бәйге төбе" атшабарында өтеді.