Британдық BBC каналы Шығыс Қазақстан жайлы фильм түсірмек

275
көрілім

Әйгілі телеканал ШҚО-ның туристік әлеуеті жайлы түсірілім жасамақ, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


BBC түсірілім тобы облысқа келіп, шығыс өңірінің табиғатын таспаламақ. Түсіру жұмыстары 12 тамызға дейін жалғасады.
Қонақтар Өскемен қаласындағы «Халифа Алтай» мешітін тамашалап, Ертіс пен Үлбі өзендерінің тоғысатын жері Стрелка шағын ауданы  мен этнографиялық саябағын аралады.
Бұдан бөлек, облыстағы бірнеше ауданның көрікті жерлері түсіріледі. Риддердегі Батыс-Алтай қорығы, Күршім ауданындағы атақты Марқа көлі мен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы, Қиын-Керіш шатқалы және Катонқарағай мемлекеттік ұлттық саябағы да назарға алынбақ.

Түсірілім тобының мүшелері