Бүгін ШҚО-ның кей жерлерінде тұман түседі

678
көрілім

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық, тек батыста, орталықта және шығыста аздаған жауын-шашын жауады, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Алматы, Қостанай, Маңғыстау, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с болады.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.