Бұғы мүйізін тасымалдаған

1401
көрілім

Зайсан ауданында бұғы мүйізін тиеген жеңіл көлік ұсталды, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Күдікті мерекелік демалысты пайдаланып, заңсыз тауарды шекара асырмақ болған. Зайсан қаласының патрульдік полициясы Toyota Сamry маркалы көліктің ішінен 20 дана мүйіз тапқан. 28 жастағы автокөлік иесінде мүйіз тасымалдауға негіз болатын ешбір құжат болмағаны анықталды.

– Көлік иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Ал тәркіленген мүйіздер құзырлы органдарға жөнелтілді, – делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Асқар ТҰМАРБЕК