Бұрын сотталған ер адам Риддер тұрғындарынан ақша бопсалаған

854
көрілім
Шартты фотосурет

Өңір аумағында 24 жастағы ер адамның қорқытып, ақша бопсалағаны анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сәуір айының соңында Риддер қалалық полиция басқармасының тәртіп сақшылары бір қылмысын қайталап жасаған жігітті ұстады. 24 жастағы жергілікті тұрғын бұрын сотталған.

- Полицейлер қолға түскен жігіттің былтыр маусым айының соңында 20-21 жастағы қала тұрғындарынан 300 000 теңге сомасында ақша бопсалағанын анықтады. Күдікті бұл әрекетті өз автокөлігінің салонында жасаған. Жазым қыла ма деп қорыққан жәбірленушінің бірі 100 000 теңгесін қолына ұстатып жіберген, - делінген ШҚО ПД ұсынған мәліметте.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 194-бабы 1-бөлігіне (Бопсалау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.