Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да 100-ден астам «Алтын белгі» және «Ерекше аттестат» иегерлері білім алмақ

1070
көрілім

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры биыл алыс-жақын өңірлерден, шет елдерден келген студенттердің мол екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Техникалық университетке биыл да еліміздің әр түкпірінен келген. Шығысқазақстандық жастарды қоспағанда, Түркістан, Тараз, Қызылорда, Шымкент, Алматы, тіпті Маңғыстау өңірінің студенттері бар.

– Биыл университет талапты жастарға 64-ші рет есігін ашты. Қытай, Нигерия, Моңғолия, Ресей сияқты елдердің студенттері білім ордамызда оқуға ниет танытып жатқандары қуантады. Бірінші курс студенттері арасында 100-ден астам «Алтын белгі» және «Ерекше аттестат» иегерлері бар. Тағы бір айта кетерлік жайт, осылардың ішінде ҰБТ-дан ең жоғары, яғни 123 балл жинап университетімізге түскен Назым Амангелдинаның барын айта кеткен орынды. «Алтын белгі» иегері «Сәулетші» мамандығына түскен, – деді Сәуле Жәдігерқызы.