Демалыс күндері еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді

371
көрілім

12-14 қыркүйек аралығында Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде күн суытады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жотасының орналасуына байланыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың солтүстік және шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады - кей жерлерде жаңбыр жауады, шығысында түнде кей жерлерде қатты жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен, шығысында бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күндіз жел секундына 15-20 метр күшейеді. Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен, Шығыс Қазақстан облысының кейжерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде топырақ бетінде үсік 1-3 градус күтіледі.

Атырау, Қызылорда облыстарында, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Карағанды облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.