Димаштың Нью-Йорктегі концертіне билет сату қашан басталатыны белгілі болды

324
көрілім

Қазақстандық мега жұлдыз Димаш Құдайбергеновтың концертіне билеттер қашан сатыла бастайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Димаш Құдайбергенов Нью-Йорк қаласындағы «Barclays Center» аренасында 10 желтоқсанда концерт береді. Әнші өзінің «Арнау» бағдарламасын орындамақ. Мәдени шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.

Алдын ала берілетін билеттердің сатылымы (pre-sales*) 10 қыркүйекте таңғы 10:00-да басталып, 12 қыркүйекке дейін 22.00 дейін жалғаспақ.