Доллар қымбаттады

417
көрілім

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 455 теңгеден саудалануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ ке сілтеме жасап. 

Kurs.kz сайтыннан 1 долларды сатып алу 453 теңге, ал сату 455 теңгеге жеткенін көруге болады.

Ал Ұлттық банкте 1 доллар 444,8 теңге шамасында деп көрсетілген.

Айта кетсек, наурыздың 9 күні мұнайдың әлемдік бағасы бірден құлдырап, артынша теңге бағамы да түскен болатын. Артынша сарапшылар елдегі доллар бағамы 440 теңге маңайында сақталады деген болжам жасаған еді.