Дзюдодан Ұлттық құраманың бас бапкері алдағы әзірлік жайлы ой бөлісті

429
көрілім
Шартты фотосурет

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) күзде әлемдік аламандардың қайта басталатыны туралы мәлімдеген болатын. Десе де бас бапкер Айдын Смағұлов бұл ақпараттың әлі нақты еместігін мәлімдеді.
– Жуырда ғана әлемдік федерациядан хат келді. Егер күз бастала мемлекеттер карантинге байланысты шекарасын қайта жапса, онда сайыстардың өтпеуі кәдік. Федерация президенті Мариус Визер қол қойған хатта турнирлердің басталуы әлі сөз жүзінде екені айтылған. Демек, күзде үлкен спортқа қайта оралуымыз екіталай. Дей тұрғанмен спортшыларымыз карантин кезінде жаттығуды тоқтатқан жоқ. Қыркүйектің ортасында оқу-жаттығу жиынына қайта ораламыз, - деді бас бапкер.