Әділ Оразбаев «Grand Slam» турнирінде қола медаль алды

360
көрілім
Фотосурет ijf.org сайтынан

Жерлесіміз Моңғолияның астанасында өткен әлемдік додада аса ауыр салмақта татамиге шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған бәсекені жалпылай алып қарасақ, дзюдошыларымыз үшін жемісті аяқталды деуге негіз бар. Ешбірі финалға өтпесе де, қола медаль үшін өткен кездесулерде мүмкіндіктерін құр кетірмеді. Солардың бірі шығысқазақстандық Әділ Оразбаев. 100 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен ол алғашқы қарсыластарын айқын ұтты. Тек жартылай финалда ресейлік Инал Тасоевқа жол берді. Әділ 27-де. Тасоев 24 жаста. Ресейлік спортшы сол екпінмен Ұлан-Батор шаһарынан чемпион болып қайтты. Ал жерлесіміз кіші финалда Біріккен Араб Әмірлігінің өкілі Магомедомар Магомедомаровтың осал тұсын тапты. Бұл нәтижеден соң дзюдошымыз рейтингідегі жағдайын біршама жақсартты.