Әлем чемпионы ұлттық құрама мүшелеріне бағасын берді

388
көрілім
Фотосурет 123ru.net сайтынан

Грек-рим күресінен Әлем чемпионы Бахтияр Байсейтов бірнеше жылдан бері ұлттық құрама тізгінін ұстап келеді. Жуырда спорт басылымына Токио Олимпиадасы алдындағы әзірлік жөнінде ойын ортаға салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әйгілі палуан алдымен былтыр Нұр-Сұлтан қаласында өткен күрес түрлерінен Әлем чемпионатына тоқталды. Айтуынша, иеленген жүлделерді еш қомсынбайды, дегенмен жоспарда алтын медаль иелену болғандығын жеткізді. Оның ішінде, 55 келіде Қорлан Жақанша мен 60 келідегі Мейрамбек Айнағұловтың күншығыс елінің астанасында өтетін олимпиада ойындарына жолдама иеленгенін және 67 келіде қола медаль еншілеген үржарлық Алмат Кебіспаевтың үздік үштіктен көрінгеніне лайықты бағасын берді. Белгілі болғандай, Франция елінде халықаралық сайыстан кейін ұлттық құрама мүшелері Қытайда өтетін лицензиялық бәсекеге әзірлікті бастайды.

Әділхан ЕСІМХАНОВ