Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 15877-ге жетті

431
көрілім
Шартты фотосурет

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары еліміздің барлық өңірінде анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда өткен тәулікте 335 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,2% құрады. Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 59 (2,0%)

Қарағанды ​​облысы - 37 (2,3%)

Алматы қаласы - 35 (1,1%)

Батыс Қазақстан облысы - 29 (2,9%)

Атырау облысы - 21 (1,6%)

Шығыс Қазақстан облысы - 21 (7,6%)

Түркістан облысы - 20 (4,3%)

Шымкент қаласы - 18 (1,5%)

Ақмола облысы - 15 (6,6%)

Ақтөбе облысы - 15 (2,7%)

Жамбыл облысы - 15 (2,9%)

Павлодар облысы - 13 (3,1%)

Алматы облысы - 11 (2,1%)

Солтүстік Қазақстан облысы - 9 (7,2%)

Қызылорда облысы - 8 (1,6%)

Қостанай облысы - 6 (2,5%)

Маңғыстау облысы - 3 (0,7%)

17 маусым күні өңірлерде емделіп шықты - 273, қайтыс болды - 9 адам.

Бүгінге дейін ел бойынша індетке шалдыққандардың жалпы саны - 15877.

Оның ішінде жазылып шықты - 9902, қайтыс болды - 97 адам.