Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

105
көрілім
ашық дереккөзден

2024 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен 616,3 млрд теңге зейнетақы төленді,  деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

 Жоғарыда көрсетілген соманың 193,8 млрд теңгесі базалық зейнетақыға, 422,5 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақыны төлеуге бағытталған. Ресми ақпаратты Еңбек министрлігі ұсынды.

2024 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша Қазақстандағы зейнеткерлер саны 2 миллион 354 мың адамды құрады.
- Осы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері 132 852 теңгені құрады. Оның ішінде, ынтымақты зейнетақы мөлшері – 90 091 теңге, базалық зейнетақы – 42 761 теңге.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалады. Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бірлескен қызмет жүйесінде жинақталған еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдері кіреді, - делінген хабарламада.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болса немесе ол болмаған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-ына тең болса, онда 10 жылдан асатын әрбір жыл үшін оның мөлшері 2 есеге өседі. Мысалы, 20 жыл қатысумен базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 85 пайызын құрайды.
30 және одан да көп жыл еңбек өтілі болған жағдайда ол ең жоғары мөлшерде – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105% мөлшерінде белгіленеді. Бір ай ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударым жасалса , жинақталатын жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды. Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым жүйелі және толық көлемде төленсе, зейнеткерлік жасқа жеткенде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері соғұрлым көп болады.