Әрекетсіздік танытуда

334
көрілім

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында 432 ауылшаруашылығы кооперативтері тіркелген. Облыстық Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ашылған 407 кооперативке 11,2 мың адам біріккен. Құрылған кооперативтердің 54-і сүт, 236-сы ет өндірумен айналысса, 142 кооператив басқа бағыттарда жұмыс істеп жатыр.

Дегенмен, Кәсіпкерлер палатасының өткен жылы жүргізген зерделеу жұмыстары көңіл көншітпеді. Атап айтсақ, мониторинг барысында 42 кооператив мүлдем жабылса, 54-нің жұмыстарын уақытша тоқтатқаны белгілі болды.

- Мұның басты себебі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болмауы, ірі қараны бордақылау ережелеріне енгізілген өзгерістерге байланысты субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдаудың жоқтығы. Тағы бір себеп, ол өтімді кепілзаттың қамтамасыз етілмеуі, - дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры орынбасарының міндетін атқарушы Қайрат Мамырбаев.

Қазіргі уақытта қайта өңдеу ірі кәсіпорындарының, мал басы 1500-ден асатын бордақылау алаңдарының маңында зәкірлі кооперациялар құру жұмыстары жүргізілуде. Ол жерлерде шағын ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер ірі ауылшаруашылығы кәсіпорындарымен біріктіріледі. Нәтижесінде сүт өндіретін - 4, ет өндіретін – 7, омарта бағытында – 1 кооператив құрылып, жиынтығы 12 зәкірлі кооперативті құрады.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ