Еркін күрестер жастар құрамасының мүшесі Германиядағы бәсекеде екінші жеңісіне қол жеткізді

500
көрілім

Еркін күрестен еліміздің жастар құрамысының мүшесі Еламан Қадырсейіт Германияда өтіп жатқан Бундеслигада екінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күрес парақшалары ұсынған мәліметке сүйенсек, Еламан бұл жолы Италия елінің үздігін ұтқан. Ұпай саны емес, айқын жеңіс. Алдымен қарысласы Гиви Давидовиді үстінен асыра лақтырып, төрт ұпайға ие болса, ізінше жауырынын жер иіскетті. Белдесу басталғаннан-ақ Еламанның қарқынын аңғару қиын болмады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Johannis Grizzlys күрес клубы сапында 57 келі салмақта белдескен спортшының екінші жеңісі.