Ерлан Серікжанов татамиге қашан оралады?

398
көрілім

Үржарлық дзюдошының татамиге қашан оралатынын бас бапкер ұлттық олимпиадалық комитетке берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды, Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ерлер құрамасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиевтің сөзінше, жылдық жоспар бойынша бірнеше Үлкен Дулыға турнирлері бар. Сол жерде рейтингілік ұпайлар беріледі. Белгілі болғандай, 18-20 ақпан күндері Израильдің Тель-Авив қаласында өтетін «Grand Slam» турнирінде Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжанов бақ сынамайды. Есесіне, жерлесіміз Ташкент татамиінде ел намысын қорғамақ.

Тель Авивтегі «Grand Slam» жарысынан кейін бірден Шымкент қаласында кезекті оқу-жаттығу жиынымызды өткіземіз. Дәл қазір бізге бір сәтке де аяңдауға болмайды. 22 ақпаннан бастап Шымкентте дзюдошыларымызбен дайындығымызды пысықтап, әрі қарай Ташкентте өтетін "Grand Slam" жарысына жол тартамыз. Ташкент татамиінде де бірінші нөмірлі палуандарымыз белдеседі. Мәселен, Тель Авивтегі жарыстан тыс қалған Елдос Сметов пен Ерлан Серікжановты Ташкент татамиінен көретін боласыздар, - деді бас бапкер.