Глубокое ауданында құтқарушылар жолда қалған жедел жәрдемге көмектесті

318
көрілім
Шартты фотосурет

Глубокое ауданында құтқарушылар жедел жәрдем қызметкерлерінің науқасқа жетуіне көмектесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күннің күрт жылып, қардың еруіне байланысты Глубокое ауданында кейбір жолдарды су басып, көлік қозғалысын бөгеген. Биылғы қыста құтқарушылар қалың қардың құрсауында қалған Краснояр ауылдық округіне қарасты Аврора станциясының тұрғындарына талай мәрте көмекке ұмтылған еді.

– 8 сәуір күні денсаулығы сыр берген 1948 жылғы зейнеткер үйге медицина қызметкерлерін шақыртқан. Алайда жәдел жәрдем көлігі станцияға 10 шақырымдай жерде жолда қалды. Науқасқа тезірек жету керек болғандықтан олар құтқарушыларға хабарласқан. Олар КамАЗ-бен ақ халаттыларды діттеген жерге жеткізіп тастады, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Дәрігер қарияға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдады. Содан соң құтқарушылар науқасты жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізіп берген.