Глубокое ауданында Жаңа жылды қарсы алу үшін жергілікті бюджеттен 600 мың теңге бөлінді

352
көрілім

– Биыл Глубокое ауданы Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға жергілікті бюджеттен 600 мың теңге бөлген. Орталық алаңға табиғи шырша 20-23 желтоқсан күндері орнатылады, - дейді аудан әкімінің орынбасары Елена Старенкова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аудан әкімінің жаңажылдық шыршасы 26-27 желтоқсан күні аудан орталығындағы Балалар шығармашылық үйінде өтеді. Оған аз қамтылған, жағдайы төмен отбасылардың балалары, соған қоса дарынды балалар шақырылмақ. Мерекелік шаралар бұдан тыс 28 мектепте, 11 даярлық тобында және 7 қосымша білім беру мекемелерінде өтпек.

– Жаңа жыл мерекесіне орай 31 желтоқсан күні мерекелік шаралар ұйымдастырылады, – дейді Елена Старенкова.

Айта кетейік, жаңажылдық бағдарлама кент әкімдері мен ауылдық округтерде өтеді.