Инвестиция көлемі өсті

318
көрілім

2018 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 304,1 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 26,7%-ға көп.

Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің басым бөлігі (39,9%) – кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруге тиесілі.

– Былтырғы жылмен салыстырғанда инвестициялық салымдар өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында 10 есеге, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге 3 есеге, құрылыста 2,4 есеге, саудада 2,2 есеге өскен. Ал білім беру, ғылым және техникалық қызмет салаларында бұл көрсеткіштің төмендегені байқалады. Облыстық инвестициялар көлемінің 61,6%-ы кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражатына тиесілі, – дейді ШҚО Статистика департаменті Қаржы, құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасының басшысы Наталья Кузнецова.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ