Ирина Унжакова: Референдум ерекшелігінің бірі - жер байлығының халық мүддесі үшін жұмсалуы

399
көрілім

О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары маусым айының 5-і күні өтетін референдумді сөз етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Депутаттардың біршамасы осыған дейін ел Конституциясындағы баптардың үштен біріне өзгеріс енетінін талай рет айтқан еді. Ирина Унжакова құқықтық нақтылаумен қоса Конституциялық сот жайын айтты.


- Естеріңізде болса, Ата заңымызда осыған дейін жер мен табиғи байлық, су ресурстары мемлекеттікі деп жазылған еді. Енді бұқара жұрт мүддесі үшін басқаша өзгеріс. Биылғы референдум ерекшелігінің бірі - жер байлығының халық мүддесі үшін жұмсалуы, - деді Ирина Унжакова. - Барлық өзгерісті тұрғындар атынан мемлекет орындайды. Бізде табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, одан басқа да жер, су ресурстарының комитеті сынды мекемелер бар. Алдағы уақытта осыған қатысты талқылаулар жұртшылық пікірімен санаса жүзеге асырылмақ. Өздеріңіз байқасаңыздар, осындай өзгерістерден соң кейбір ақсүйек, кәсіпкерлер белгілі бір мөлшерде өз билік-байлығынан айырылып бара жатқандарын жақсы түсінеді және соны қайтаруды көздейді. Осы ретте мүлікке қатысты келіспеушіліктерін білдіру үшін кейбір аңғал адамдарды пайдаланып, қоғамда резонанс туғызады. Сондықтан ақпараттың дұрысын іріктеп ала білу маңызды.