Италияда өткен лицензиялық турнирден қай ел қанша жолдама жеңіп алды

86
көрілім
ашық дереккөзден

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнир мәресіне жетіп, қай ел қанша жолдама жеңіп алғаны белгілі болды деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бірден айта кетейік, аталған турнирде бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 5 лицензияға қол жеткізді.

Жолдамаға Cәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі) Нұрбек Оралбай (80 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Айбек Оралбай (92) ие болды.

Енді қай ел қанша жолдама алғанын назарларыңызға ұсынайық:

  • Қазақстан — 5
  • Өзбекстан — 5
  • Италия — 4
  • Польша — 3
  • Германия — 2
  • Норвегия — 2
  • Ұлыбритания — 2
  • Филиппин — 2
  • Колумбия — 2
  • Франция — 1
  • АҚШ — 1
  • Куба — 1
  • Әзербайжан — 1
  • Пуэрто-Рико — 1
  • Ирландия — 1
  • Бразилия — 1
  • Венесуэла — 1
  • Иордания — 1
  • Тәжікстан — 1
  • Болгария — 1
  • Түркия — 1
  • Венгрия — 1
  • Испания — 1
  • Сербия — 1
  • Тайланд — 1
  • Вьетнам — 1
  • Косово -1
  • Голландия — 1
  • Доменика — 1
  • Тайбэй — 1
  • Жеке бейтарап спортшылар — 1.