Қабылдамауға құқылы ма?

417
көрілім

Азаматтық некедегі әйелім екеуіміз 4 жыл бірге тұрдық. Менің атыма 900 мың теңге несие рәсімдеп, Зайсаннан үй сатып алдық. Тұрғын үйдің құжаттарын жұбайымның атына жаздырдым. Алайда арада біршама уақыт өткенде ол мені үйден қуып шығып, басқа еркекті кіргізіп алды. Сотқа арызданып едім, істі қараған судья қолхаттың жоқтығын айтып, материалдық шығынымды өндіріп бермеді. Оның үстіне, сөзімді растайтын аудиожазбаны айғақ ретінде қабылдаудан бас тартты. Ал үкіммен келіспей апелляцияға бермекші болғанымда сот қызметкерлері маған «тек аудандық сот арқылы шағымдана аласыз» дегенді айтты. Сұрайын дегенім, сот қолхат болмаған жағдайда аудиожазбаны дәлел ретінде қабылдамай ма? Апелляциялық шағымды бірден облыстық сотқа беруге бола ма?

Зайсан ауданынан тұрақты оқырман

Сіздің сауалыңызға заңгер Артем Карпов жауап берді:

– Аудио және бейнежазба ретіндегі айғақтарды тек қылмыстық істерде ғана қолдануға болады. Сондықтан соттың аудиожазбаны қабылдамауға хақысы бар. Апелляциялық шағымға келер болсақ, заң бойынша үкіммен келіспейтіндігіңізді 15 күннің ішінде тек аудандық сот арқылы арыз жазып бере аласыз. Олар арызды облыстық сотқа жолдайды.