Қалбатау ауылында қолданысқа берілген үйлердің аралығы асфальтталып бітуге жақын

802
көрілім

Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазіргі уақытта Қалбатау ауылында 1 қыркүйекте салынып қолданысқа берілген бес үйдің және 1 қазанға дейін аяқталатын бес жаңа тұрғын үйдің аралығына жол салынып, асфальт төселуде.

– Жаңа қоныс иелерінің игілігіне салынып жатқан құрылыс барысымен және сапасымен таныстым. Жауапты мердігер қазіргі уақытта асфальт төсеуді аяқтады. Жақын күндері жол қолданысқа енеді, – деді аудан басшысы.