Катонқарағай ауданында биыл 6 көпбалалы отбасыға баспана берілмек

9622
көрілім

Бұл туралы ШҚО Аймақтық коммуникациялар орталығында өткен жиында аудан әкімі Ренат Құрмамбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан басшысының сөзінше, көпбалалы аналар тарапынан баспана мәселесі бойынша аз өтініш айтылмаған.

– Биыл 6 копбалалы отбасыға баспана берілмек. Келер жылы мұны 19-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Қазір көпбалалы отбасылардың көзқарастары біртіндеп өзгеріп келеді. Қай бағытта? Мәселен, ауылды жерлерде көпшілігі ата-енелерімен тұрады. Осы тұрғыда оларға «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша түсінік жұмыстарын жүргіздік. Енді көпбалалы аналардың біршамасы баспананы облыс орталығынан алуды көздеуде. Яғни бауыр еті баласының өмірін қалада елестетеді. Қазіргі уақытта аталған бағдарлама бойынша үш отбасы Өскеменнен баспаналы болды, – деді аудан әкімі.