Катонқарағай ұлттық табиғи паркі өртенуде

894
көрілім

Өрт таулы жерден басталған. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау шарпыған аумақ 20 гектарды құрайды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Рахман орман шаруашылығының Берел филиалында құрғақ шөп пен бұта-қараған өртеніп кеткен. Жалын ошағы бірнеше жерден байқалды.

– Жанып жатқан аумақтарға адам аяғы баспайды. Жолдың қиындығымен қатар байланыс жоқ. «Қазәуеорманкүзеттің» берген мәліметінше аумақ – 20 гектарды құрайды, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Қауіпті аймақта ұлттық парктің қызметкерлері мен «Қазәуеорманкүзеттің» мамандары өз күштерімен күресуде. ТЖД қызметі әзірге жұмылдырылған жоқ.