Қайта татуласу болмайды

390
көрілім

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Енді мұндай құқық бұзушылықтар үшін ескерту немесе 5 тəулікке, қайталанған кезде 10 тəулікке қамауға алуға əкеп соғады (бұрын тиісінше 5 тəулікке жəне 10 тəулікке дейін қамауға алынатын).

Ұрып-соғу үшін жауаптылық күшейтілді (10 тəулік, қайталағаны үшін 20 тәулік), денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін де жауаптылық күшейтілді – қамауға алу 15 тəулік (бұрын 15 тəулікке дейін болған), қайталағаны үшін – 25 тəулікке қамауға алынады.

Тараптардың бір жыл ішінде қайталап татуласуына байланысты істі тоқтату мүмкіндігі алынып тасталды, яғни енді тек бір рет татуласуға болады.

Мысалы, 2023 жылдың тамызында сот татуласуға байланысты И.-ге қатысты ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі бойынша (отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер) істі тоқтатты. Бір айдан соң ол қайтадан құқық бұзушылық жасаған. Алайда сот И.-ді татуласуға байланысты қайта жауапкершіліктен босатты.

Прокурордың өтініші бойынша апелляциялық саты заңсыз сот актісінің күшін жойып, жаза тағайындаумен И-ді кінәлі деп тапты.

2024 жылдың басынан статистикалық деректерге сәйкес, сот облыс бойынша 357 отбасылық дебоширді әкімшілік жауапкершілікке тартты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40% артық.

 Облыс прокуратурасы тұрғындарды заңдылықты сақтауға, құқық бұзушылықты жасамауға шақырады және жазаның бұлтартпастығы туралы ескертеді.

 Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы