«Қазақстан барысы – 2017» сайысында ШҚО-ның намысын қорғайтын балуандардың есімі белгілі болды

2477
көрілім

Бүгін Семейдегі «Тарлан» спорт кешенінде «Шығыс барысы» сайысы соңына жетті. Сайыс қорытындысы бойынша екі балуан Шығыстың намысын республикалық додада қорғайтын болды.

Белдесуге Шығыс Қазақстанның 8 ауданы мен 2 қаласынан (Өскемен және Семей) 20 балуан бақ сынасты. Тартысты сайыста Айбек Нұғымаров бірінші орынға ие болып, «Шығыс барысы» атанды.

Айбек Нұғымаров

Айбек екінші орынды иеленген Мұхит Тұрсыновпен бірге Шығыстың намысын қорғайтын болады.

Мұхит Тұрсынов

Ал үшінші орынға Абай ауданынан келген Ерлан Конкиев ие болды.

 

 Мейрамбек Қосажан

Фотосуреттер әлеуметтік желіден алынды