Қазақстанда мұғалімдер үшін жаңа лауазым пайда болады

92
көрілім
ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдер лауазымдарының тізіміне толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Атап айтқанда, кәсіптік бағдар мұғалімі мамандығы қатарға қосылып жатыр. Түсіндірілгендей, кәсіптік бағдар мұғалімі лауазымын енгізу мектеп оқушыларының болашақ мамандығын саналы түрде таңдауы үшін ерте кәсіптік бағдар беру жұмысын үйлестіру үшін қажет.

Құжат 8 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылады.