Қазақстандық боксшылар 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатына қатыспайды

7312
көрілім

Бұл туралы еліміздің бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Құраманың бас бапкері Қайрат Сатжановтың айтуынша, басты себеп – республика аумағындағы төтенше жағдай режимі.

– Елдегі төтенше жағдайға байланысты жоспарланған оқу-жаттығу жиындарын кейінге қалдырдық. Нақтырақ айтсам, жиын ақпан айына шегерілді, – деді аягөздік бапкер. – Тағы бір тоқталарлығы, 20 қаңтар күні Ташкент қаласында жалауын көтеретін 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия біріншілігіне де бармаймыз. Мұның себебі – тәртіпсіздіктерге байланысты елден шығуға рұқсат жоқ. Қазіргідей қиын қыстау кезеңде баршамыз ауызбіршілік танытуымыз қажет. Оқу-жаттығу жиындары да, жарыстар да тоқтап тұр. Дей тұрғанмен келесі айдан бастап барлық жоспарымыздың уақтылы орындалатындығына сенім мол.

Бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 20-30 қаңтар аралығында өтеді. Айта кетейік, құрама сапында семейлік Ерасыл Жақпеков (80 келіге дейінгі салмақ) те бар