Қазақстандықтар қай елдің алаяқтарына жиі алданады

112
көрілім
ашық дереккөзден

 Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде қазақстандықтардың қай елдің алаяқтарына жиі алданатынын айтты деп хабарлайды Buqara.kz  сайтының тілшісі ҚазАқпартқа сілтеме жасап.

«Бұған дейін интернет алаяқтыққа байланысты өндіріске алынған 158 мың істің 93 мыңы ашылмай қалғаны туралы мәлімет айтылды. Оның себебі неде?» - деп сұрады журналист. Ішкі істер министрлігінің өкілі мұның себебін Қазақстан азаматтары шетелдіктерге жиі алданатынымен байланыстырды. «Иә, шынымен де ақпарат технологияларын пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың ашылуына байланысты ондай проблемалық мәселелер бар. Оның ішінде қылмыскерлер шетелден әрекет етеді. Сондықтан оларды ашуды қиындықтар туындайды. Өйткені тіркелген іс бойынша қоңырау түскен елдерге ресми сауал жолданады», - деген Жандос Сүйінбай қазақстандықтарға қатысты интернет алаяқтық фактісі жиі тіркелетін елдермен өзара іс-қимыл туралы келісімдер жасалып жатқанын атап өтті. БАҚ өкілі қазақстандықтар қай елдің алаяқтарына жиі алданатынын нақтылады. «Қазақстан азаматтары орыс тілді болғандықтан көбінесе көршілес елдердің алаяқтарына жиі алданады. Мысалы, Украинада осындай топтар ұсталды. Басқа да көршілес елдер бар. Ағылшын тілді қазақстандықтар Қытай, Үндістан сияқты елдердің алаяқтарына алданады. Негізі алаяқтардың көбі Украинадан байланысқа шығады», - деді ІІМ өкілі.

Есімжан Нақтыбай