Қазақстанға үш айда өзге мемлекеттерден 500-ге жуық адам көшіп келген

307
көрілім

Биылғы үш айда елімізге өзге мемлекеттерден 500-ге жуық адам көшіп келген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


Басым көпшілігі көршілес Қытайдан қоныс аударған. Олардың саны – 166. Бұдан кейінгі тізімде Моңғолиядан оралғандар тұр. Ұзын ырғасы 73 азамат. Сондай-ақ, Германиядан Қазақстанға 49 адам көшіпті. 239 азамат Алматы қаласы мен Алматы облысына тұрақтаған.
Өзгелері елордада тұруды жөн көрген. Аталған үш айда Отанымыздан 910 азамат кеткен. Оның 561-і Германияға көшсе, өзгелері Қытай мен АҚШ-ты таңдаған. Көшу көрсеткіші бойынша алғашқы үштікте Қарағанды облысы көш бастап тұр. Бұл өлкеден шетелге 149 азамат кетсе, Қостанайдан 109, Алматыдан 106 адам басқа мемлекеттерге қоныс аударған. Бұлар негізінен білім алу мақсатында және жұмыс іздеп кеткендер.