Көкпекті ауданы Жаңа жылды қалай қарсы алмақ?

492
көрілім

Көкпекті ауданында Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Жаңа жыл қарсаңында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңажылдық құттықтаулар жасап, сыйлықтар табыстаймыз. Өкінішке қарай, Орталық алаңға шырша орнату үшін бюджеттен қаржы бөлінбеді. Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық Мәдениет үйінде жаңажылдық табиғи шырша орнатылады. Барлық мәдени ошақтарда жаңажылдық шырша 20 желтоқсаннан бастап орнатылады, – дейді аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аудан әкімінің жаңажылдық шыршасы 25-28 желтоқсан күндері өткізіледі. Мерекеге көпбалалы жанұялар, аз қамтылған отбасындағы балалар және оқу үздіктері мен жетім балалар қатысады.

– 25-30 желтоқсан аралығында «Төрлет, төрлет, Жаңа жыл» атты балаларға арналған жаңажылдық ертеңгіліктер барлық мәдениет ошақтарында өткізіледі. 31 желтоқсанда «Берекелі Жаңа жыл» атты балмаскарад өткізіледі, - дейді аудан әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, биылғы жаңа жылда арнайы отшашулар ұйымдастырылмайды.