Көкпектіде мас жүргізуші бағанаға соғылған

351
көрілім
Шартты фотосурет

Көкпекті ауданының Самар ауылында болған жол-көлік оқиғасына 58 жастағы ер адам себепкер болған. Медициналық куәландыру нәтижесі жүргізушінің мас күйде болғанын көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Наурыз айының 22-сі күні Daewoo Nexia маркалы көлікті тізгіндеген ер адам рөлді басқара алмай электр бағанасына соғылды, – дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. – Сараптама нәтижесінде ереже бұзушы орташа деңгейдегі мастық күйде болғаны расталды.
Оған қоса, ер адамның өткен жылы наурыз айында Көкпекті аудандық сотының шешімімен үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген шығын мөлшері – 200 мың теңге.
Жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексі 346-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.