Қосымша рейстер қосылды

258
көрілім

Ресейден Өскемен қаласына қосымша автобус рейстері қатынайды. Бұл туралы ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігінің сайты хабарлап отыр.

Қосымша рейстер 27 желтоқсанда Өскеменге дейін жүретін болады. Жол жүру уақыты сағат 20:15. 28 желтоқсанда сағат 20:50-да Семейге дейін тағы да бір қосымша рейс жүреді. Билеттерді вокзал кассалары мен сайттан (e-traffic.ru) сатып алуға болады.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ