Күршім ауданы тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

3364
көрілім

ШҚО Полиция департаменті қызметкерлері «Учаске» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында заңсыз қару сақтаған адамды анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазан айының 16-сы күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Күршім ауданы тұрғынының қаруды заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат түскен Тексеру барысында 60 жастағы аудан тұрғыны анықталып, үйінен екі мылтық, сондай-ақ гильзалар мен патронташ тәркіленді.

Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес алынған қару – «Тоз-16», калибрі 5,6, ойық, атысқа жарамды, екіншісі – «ИЖ-18 М», калибрі 16, тегіс ұңғылы, атысқа да жарамды екенін көрсетті.

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған азаматта қарудың болу мән-жайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев

Сонымен қатар Полиция департаменті тіркелмеген қаруды полицияға өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеді.