Күршім ауданында мұз астына түсіп кеткен балықшы көз жұмды

510
көрілім

Күршім ауданында мұз астына түсіп кеткен балықшы көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 қараша күні сағат 16:22-де Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасында екі ер адам мұз астына түсіп кеткен.

- 47 жастағы ер адам судан шығып үлгергенімен 50 жастағы азамат батып кетті. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар балықшының денесін тауып, алып шықты. Белгілі болғандай, ер адамдар мұзға шыққан кезде құтқару кеудешелерін кимеген, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын елемеген 4 адам суға батып кетті.