Күршім ауданында Наурыз мейрамына орай түрлі шаралар өтті

1168
көрілім

Аудан жұрты Күршім ауылының «Абай» алаңында жиналып, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, концерт тамашалап, спорттық жарыстарға қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бағдарламада концерт, театрландырылған көрініс, қазақ күресі, гір көтеру, арқан тарту, армрестлинг, асық ату сияқты спорт түрлері қамтылып, жиналған бір серпіліп қалды.
- Құрылған әрбір киіз үйге ұлы тұлғалардың аты берілді. Келген қонақтарға сол тұлғалар туралы ақпараттар айтылып, бейнероликтер көрсетілді. Мерекелік дастархандар жайылып,  келушілерге дәстүрлі наурыз көже, палау таратылды. Осындай шаралар барлық ауылдық округтерде ұйымдастырылды, - делінген мәліметте.