Күршім ауданында төрт жылыту пункті жұмысын бастады

3608
көрілім
Шартты фотосурет

Күршім ауданында Күршім ауылындағы №5 өндірістік жол учаскесі аумағында, Марқакөл, Егіндібұлақ және Ұранхай ауылдарында жылыту пункттері жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Яғни, Күршім ауданы аумағы ауқымды болғандықтан төрт жылыту пункті жолаушыларды қабылдауға әзір.

 - Бұл пункттерде жолаушылардың тоңып қалмаулары үшін жағдай жасалып, тиісті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен қамтылған.Күршім аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері суық күндері жолға шығарда міндетті түрде жылы киініп, көліктің техникалық жағдайын тексеріп алған жөн екендігін ескертеді. Сонымен қатар аязды күндері алыс сапарларға мүлде шықпауға кеңес береді, - делінген мәліметте.