Күршімде Өзбекстан азаматтары анықталды

3891
көрілім

Күршім ауданы аумағында 27 маусым мен 4 шілде аралығында "Заңсыз келуші" жедел алдын алу іс-шарасы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу. Аудан аумағында өткен іс-шара барысында Өзбекстан азаматтары анықталып, ҚР Əкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес 9 хаттама, ҚР Əкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517 бабы 4-ші бөлігі бойынша 5 хаттама толтырылды. Сондай-ақ аталған кодекстің 518-бабы 1-ші бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының екі азаматына 2 хаттама ресімделді.
- Күршім АПБ егер де аталған бағыттағы заңбұзушылықтардың куəсі болсаңыздар, міндетті түрде полиция бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз, - дейді Күршім АПБ бастығы полиция полковнигі Серік Тоқтарханұлы Манапов.