Күршімде полиция күніне орай мерекелік концерт өтті

6042
көрілім

Қазақстан полициясы күніне орай Күршім аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын және мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мерекелік шараның ресми бөлімінде бөлім басшысы, полиция полковнигі Серік Манапов аудан әкімі Дулат Қажанов сөз алып, жиналғандарға жылы лебізін білдірді.

Қоғам тыныштығы күзетіндегі қызметтерін жауапкершілікпен атқарып жүрген тәртіп сақшылары сахна төрінде өнерлерін көрсетіп, ән мен жырдан шашу шашты. Кәсіби мереке құрметіне әріптестеріне деген ізгі тілектерін ән жолдарымен жолдаған Күршім АПБ қызметкерлері өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.

Айтулы күнгі концерттің ажарын ашуға аудандық мәдениет үйі қызметкерлері де атсалысты.