Күршімдегі Коворкинг орталығы: оқушылар ағылшын тілін еркін меңгеретін болады

107
көрілім

Өңір басшысы Ермек Көшербаев Күршім ауданына жұмыс сапары кезінде Мәдениет үйінде орналасқан Коворкинг орталығына барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мұнда мектеп оқушылары ағылшын тілін жетік меңгеріп, тереңірек оқу үшін университет оқытушыларымен байланыс орнатады.

Аймақ әкімі балалармен ағылшын тілінде сөйлесіп, олардың сөйлеу деңгейін бағалады. Сондай-ақ, бұл платформада тарих және география сабақтары өткізіледі.


Қазір мұнда Күршім ауданының мектеп оқушыларының туризмді дамыту тақырыбындағы пікірталастарына дайындық жүріп жатыр. Балалар өз аудандарын "ілгерілету" және туристерді көбірек тарту үшін жетекші институттардың ғалымдарымен байланысуға ниет білдірді.