Қысылтаяңда қолұшын берген

278
көрілім
пресс-служба акима Усть-Каменогорска

Облыс орталығында тасқын судан жапа шеккен жерлестеріне көмек қолын созған атымтай жомарт азаматтар марапатталды.

27 сәуір күні Өскемен қаласында тасқын судың бетін қайтарып, зардабын жоюға атсалысқан азаматтарды марапаттауға арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.

- Табиғат апатын жұдырықтай жұмыла отырып ауыздықтадық. Төтенше жағдайлар, „Өскемен тәртіп„ мекемесінің қызметшілерімен және әскерилермен қатар қала тұрғындарын құтқаруға қарапайым азаматтар да атсалысты, - дейді Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев.

Қала басшысы 5518-әскери бөлімінің қызметшілеріне, «Халифа Алтай» облыстық мешіті жамағаты мен гуманитарлық көмек пунктін ұйымдастырған «Нұр Отан» партиясы өкілдеріне алғысын білдірді.

Ерлен ОСМАНОВ