«Қызыл ту» өткелінде паром қозғалысы тоқтады

458
көрілім

Паром қозғалысының тоқтатылғандығы жайлы Күршім ауданының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бірнеше аудан тұрғындары енді облыс орталығына қысқа жолмен қатынай алмайды. Аудан әкімдігі паром жұмысының тоқтатылғаны жайлы қаңтардың 7-нен бастап ақпарат таратқанмен әу баста қаңтардың 10-на дейін деген болатын.

Паром жүрмейтіндіктен Бұқтырма су қоймасы арқылы мұз үстімен өтеді. Дегенмен мұз қалыңдығы талапқа сай болмағандықтан әзірге өтуге тыйым салынған. Осы ретте жолаушыларға Алтай ауданы арқылы айналма жолмен ғана жүруге тура келеді.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті берген ақпаратқа сәйкес мұз өткелінің ұзындығы 6 шақырым. 30 қаңтардағы дерек бойынша мұздың қалыңдығы 5-18 см аралығында болған. Талапқа сай автокөліктердің қауіпсіздігін сақтау үшін мұздың қалыңдығы 25 см-ден кем болмауы керек.