Қызылша ауруының өршуіне байланысты санитарлық дәрігерлер ШҚО тұрғындарына ескерту жасады

113
көрілім
Фото:ria.ru сайтынан

Жыл басынан бері облыста қызылшамен ауырғандардың 277 жағдайы тіркелді. Өткен жылы ШҚО-да мұндай көрсеткіш болмаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстан тұрғындарына Санитарлық-эпидемологиялық бақылау департаментінің мамандары ескерту жасады:
«Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өздігінен емделудің қажеті жоқ, жедел арада үйге дәрігер шақырту керек. Амбулаторияда ем қабылдап жүргендерге үйде оқшалану режимін қатаң сақтау керек. Ауырған балаларды мектепке, мектепке дейінгі мекемелерге және т.б жерлерге жіберуге болмайды. Сондай-ақ мүмкіндігінше адам көп жиналған жерлерге: сауда орталықтарына, балалар алаңдарына, қоғамдық көліктерге бармауды сұраймыз».
Естеріңізге сала кетейік, қызылша белгілеріне мыналар жатады: жоғары дене температурасы; бас ауруы; фотофобия (жарық тітіркендіргіштеріне көздің жоғары сезгіштігі); құрғақ, қатты жөтел; қызылша энантемасы – жұмсақ және қатты таңдайда үлкен қызыл дақтар; тері бөртпесі.