Либеро Томирис Сағымбаева «Алтай» сапын толтықтырды

909
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Ел көлемінде мүмкін болатын жүлденің барлығын иеленген «Алтай» әйелдер волейбол клубындағы өзгерістер жанүйерлерді кәдімгідей алаңдатуда. Ойыншыларды былай қойып, бас бапкер Марко Гршич те кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анығы сол, клуб тарихында ең нәтижелі жаттықтырушы ретінде спортсүйер қауым есінде қалды. Ал оған дейін Ботагөз Есімхан, үш жыл көлемінде жоғары деңгейлі ойын көрсеткен Даница Раденковичтің кеткенін естіген едік. Шамамен екі апта бұрын. Ал шілде айының 1-і күні шабуылшы Полина Уфимцеваның клубпен қош айтысқандығы белгілі болды.

– Командада біреу қалды ма өзі? Жақсы ойыншылар неліктен жаппай кетіп жатыр? Енді «Алтай» үздік ұжым бола алмай ма? – деген сауалдардың көбейгені рас.

Бұдан соң бас бапкердің көмекшісі, сербиялық маман Драгон Марковичтің қызмет мерзімі аяқталғанын жазды. Команда капитаны Сана Анарқұлованың бұған дейін «Алтайдың» директоры болып тағайындалғанын ескерсек, осыдан былай мүлде басқа ойыншылардың келуі ғажап емес. Әзірге Өскеменнің тумасы Кристина Аниконова мен либеро Мадина Бекет жайлы еш ақпар тарамады. Көпшілік кетпесін дейді. Осы аралықта «Алтайға» жаңадан келген алғашқы ойыншыны таныстырды. Бұл да либеро – Томирис Сағымбаева. Келісімшарт бір жылға жасалыпты.

Әділхан ЕСІМХАНОВ