Моңғолияда Абай мәдени орталығы ашылуы мүмкін

278
көрілім

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Моңғолияда Абай мәдени орталығын ашуды ұсынды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Асқар Мамин Қазақстанға ресми сапармен келген Моңғолия Премьер-Министрі Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөздер өткізді. Үкімет басшылары өзара тауар айналымын одан әрі арттырудың маңызды әлеуетін атап өтті, ол 2018 жылы $80 млн құрады. Тау-кен өнеркәсібіндегі, құрылыс, мал шаруашылығының дайын өнімін, кашемир, былғары шығару және қайта өңдеу, транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ, халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдай жасау туралы ШЫҰ келісімі аясында екі ел арасындағы қатынасты жандандыруды қоса алғанда, өзара іс-қимыл келешегіне ерекше көңіл бөлінді.

А. Мамин Нұр-Сұлтанның Ұлан-Батырмен қарым-қатынасындағы маңызды байланыстырушы фактор Моңғолиядағы қазақ диаспорасы екенін атап айтты — 120 мыңнан астам қазақтың 90 мыңы Баян-Өлгей аймағында тұрады. Премьер-Министр тұрақты негізде бірлескен мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу, шығармашылық ұжымдармен және ғылыми мекемелермен алмасу қажеттігін айтты. Үкімет басшысы алдағы екі жылда Қазақстанда Моңғолияның Мәдени күндерін және Моңғолияда осындай күндерді өткізуді, сондай-ақ, Өлгей қаласында Абай Мәдени орталығын ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.