Мунира Ягудина. «Сұлулықты жаным қалады!»

580
көрілім

«Мунира» және «Юбилейный» деген атаулар өскемендіктер үшін мәңгі синоним болады. Кәсіпкер Мунира Ягудина сұрапыл тоқсаныншы жылдары қаланың бас кинотеатрын сақтап қалды. Уақыт өте келе оны заманауи бейне және дыбыс сапасы бар нағыз кино ордасына айналдырды.

1996 жылы еліміз толыққанды өмір сүрген жоқ еді, адамдар жан сақтап қалудың қамын ойлайтын. Сол кездері Мунира Ягудина «Юбилейныйды» құтқарыңыздар!» деген хабарландыруға тап болады. Кинотеатрдың директоры барлық кәсіпкерлерден көмек сұраған болатын. Сол уақытта басқа кинозалдар жабылып, казино, түнгі клуб, діни мекемелерге айнала бастайды. Тек «Юбилейныйды» ғана әлі де ескі қордағы кинолар көрсетіліп тұрды.

Мунира – заңгер, ҚазМУ түлегі, 90-жылдары ел қатарлы өмір сүріп жүрген. Сол кездегі кәсібі туралы: «Жабайы сауда — сағыз, киоск», — дейді ол. Дегенмен байқап көруге бел буады. Себебі кинотеатрда кино көрсетілуге тиіс деген пікірде болды.

«Юбилейныйды» құтқару оңай іс емес еді. Үш ынтагер-кәсіпкерге ғимаратты сенімсіздікпен табыстаған екен. Оны кино үшін сақтап қалатынына ешкім сенім артпады. Құжаттамаларды рәсімдеуге бір жылдай уақыт кетті. Ең алдымен жалға алушылар әйнек салып, құбырларды жөндейді. Кинозалдың еденін бояп, орындықтарды қалпына келтіреді.

Мунира кинотеатрға қолында бардың барлығын салады, кәсібі мен пәтерін сатады. Кинотеатрды 1997 жылдың 25 желтоқсанында қайта ашылды. Бірақ сәтсіздікке ұшырайды. Көрермендер келмейді. Әлі күнге ол коммуналдық қызметтердің сол қиын-қыстау кезеңде кинотеатрды төлей алмағаны үшін өшіріп тастамай, күтуге, азын-аулақ жиналған тиын-тебенді қабылдауға келісіп отырғанын ризашылықпен еске алады.

Ол «Титаник» арқылы алғашқы жеңісіне жетеді. Бұл фильм толық зал жинайды. Түскен қаражат құрал-жабдықтарды жаңартуға жұмсалды. 2001 жылы «Dolby-стерео» дыбысы орнатылады. 2003 жылы жаңа орындықтар сатып алынып, сандық құрал-жабдық орнатылады.

Көпзалды кинотеатр салу идеясы 2004 жылы пайда болған. Мунира Ягудина репертуарлық саясатты өзі жүргізіп, халық көруге келетін фильмдерді өзі таңдайтын. Бірақ бір залды кинотеатр талғампаз көрерменнің қызығушылығын тудыратын киноны көрсете алмайтын еді. 2013 жылдан қайта құру басталып, қазіргі таңда «Юбилейныйдың» 1200 орынды 6 кинозалы бар.

Тағы бір идея — кинотеатрды бос уақыт орталығына айналдыру болды. Яғни, адамдар көрермен залынан шығып, бірден отбасылық мейрамханаға бара алатындай жағдай жасау көзделді. Мунираға ол жердегі итальяндық траттория атмосферасы ұнайтын, онда балалар шулап0 ойнап, ата-аналар жайлы демалатын. Алдағы уақытта билеттерді пост-терминал арқылы сату жоспарда бар. Ол бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Юбилейный» өзінің жаңа тарихында талай қиындықтарды бастан кешірді. Кинотеатрды кеңейту үшін жер телімін алуға көп жыл уақыт кетті. 2008 жылдан 2012 жылға дейін ғимаратты рейдерлік тартып алу талпыныстары жасалып тұрды. Ал 2012 жылы алматылық фирма «Юбилейный» тауарлық белгісін патенттеп алып, бұл атауды пайдаланғаны үшін ақша талап ете бастайды. Бірақ кинотеатр өмірін жалғастырып, дамып, жаңа фильмдер көрсетуін тоқтатпады.

2017 жылдың желтоқсан айында «Юбилейныйдың» мерейтойы атап өтілді. Кинотеатрдың негізі 1967 жылы құрылған, ал биыл ол 50 жасқа толып отыр. Мунира екеуі жасты екен. «Юбилейный» — бұл қаланың тарихы. Осы тарихқа өзіміздің қатысымыз бар болғанын мақтан етемін!», — дейді ол.

Біздің заман туралы үш басты сұрақ:

— Бүгінгі таңда Сіздің алаңдататын мәселе қандай?

— Қазіргі әлемде мені сол әлемнің өзі алаңдатады. Әлемдегі ахуал жайсыз болып барады. Құндылықтардың өзгеруіне, үлкен идеяның жоқтығына алаңдаймын. Адамдарда осы идеяның пайда болғанын қалаймын. Мүмкін сол кезде оларға өмір сүру жеңілдей түседі.

— Біздің заманда Сізді не қуантады?

— Еркіндік деп ойлаймын. Өзіңде таңдау еркіндігінің болуын түсіну арқыл өз тағдырыңды жасау мүмкінді.

— Қазақстанды болашақта қандай етіп көргіңіз келеді?

— Экономикалық дамыған. Адамдар бойларын түзеп, елімен мақтанатын болсын. Оның нақты жетістіктерімен мақтана алсын.