Нашар инфрақұрылым ШҚО-дағы туризмнің дамуына кедергі

198
көрілім

Жуықта кәсіпкерлер осыны мәселе етіп көтеріп, бәріне кедергі ескірген инфрақұрылым екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиын ШҚО Кәсіпкерлер Палатасында ұйымдастырылды. Іскер азаматтар сөзінше, алдағы уақытта Қытай Халық Республикасынан келетін туристер легі молаяды. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жыл Қазақстанның ҚХР-дағы туризм жылы болып жарияланды. ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаевтың сөзінше, өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтау үшін уәкілетті орталық және жергілікті атқарушы органдармен тізе қосып, инфрақұрылымды дамыту бойынша жедел шаралар қабылдау қажет.
Ол сондай-ақ туристерді сапалы қабылдауды қамтамасыз ету үшін шекаралық өңірлер бойынша Жол картасы құрылып жатқанын айтты.
— Жол картасына ірі және шағын жобаларды, көлікке қолжетімділік, курорттық аймақтардағы туристік және инвестициялық әлеуетті ілгерілету, сондай-ақ туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыптарын енгізу керек, — деді Қайрат Мамырбаев.
Турбизнес өкілдері ең алдымен, облыстың барлық бағыттарындағы жол төсемінің қорқынышты жағдайда екенін атап өтті.
— Жанармай құю станцияларының болуы мен жанар-жағармай сапасына назар аудару қажет, — деді «Вояж-Алтай Қазақстан» туристік агенттігінің директоры Ирина Клиновицкая. – Дәретхана, қоқыс сияқты жол бойындағы қызмет көрсету мәселелері өзекті. 50 немесе одан да көп туристке арналған орындар жетіспейді, ал қытайлық делегациялардың құрамында адамдар үнемі көп.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер шекарадан жылдам өту үшін кедергілердің болмау жағдайларын басшылыққа алды. Сөз арасында «жасыл дәліз» деген терминді ұсынды. Бүгінде туристер Қазақстан тарапынан екі сағаттай уақыттарын жұмсап, ары кеткенде бес мәрте паспорттық тексеруден өтеді. Медициналық көмек көрсету, қызметкерлерді оқыту сияқты жалпы мәселелер бар.
ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы Жол картасына енгізіп, мәселелерді өз деңгейінде шешу үшін мемлекет тарапынан қолдауды талап ететін барлық ұсыныстарды жолдайды.

Дильназ ЮНУСБЕКОВА