Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНЕСКО сыйақысын жеңіп алды

62
көрілім

Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНЕСКО Wenhui Award 2019 жылдың сыйақысын жеңіп алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрайымы Күләш Шәмшидиноваға Алматыдағы кластерлік бюро директоры Криста Пикаттың қолы қойылған құттықтау хаты келді.

– Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының атынан өзімнің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына деген аса құрметімді білдіріп, асқан қуанышпен – Сіздердің ұйымдарыңыздың ЮНЕСКО Wenhui Award 2019 сыйақысын жеңіп алғандарыңызды хабарлаймын, – делінген Криста Пикаттың хатында.

NIS ЮНЕСКО-ның білім саласындағы сыйақысын иеленген Қазақстанның бірінші өкілі болды. Wenhui Award университет пен мектеп арасындағы «Білім–2030» жобасын ілгерілету жолындағы серіктестікті дамытуға бағытталған.

ЮНЕСКО сыйақысы қазақстандық инновациялық мектептерге сапалы білім мен өмір бойы білім алуға ықпалдасатын университеттер мен мектептер арасындағы табысты серіктестік үшін, балалар мен жастарды өмірге, жұмысқа және жаһандық азаматтыққа бейімдеу жолындағы еңбек үшін беріледі.

Финалдық кезеңнің номинанттарының ішінде Австралия, Қытай, Малайзия және Шри-Ланка елдерінің беделді университтері бар.